Zialy Urpaq мектебінде 5-11 сынып оқушылары білімді де, тәрбиені де бір жүйеде алады: ақыл, құлық, сұлулық және дене тәрбиесі. Оқушыларымыз олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орын алады, ал түлектеріміз Қазақстан мен шетелдің үздік университеттеріне грантпен түседі
Ақыл, құлық, сұлулық және дене тәрбиесі - төрт бағыт 5-сыныптан бастап күнделікті оқу жүйесінің бөлігі. Біз Мағжан ұстаздың педагогикасына сүйенеміз.
Әр оқушыға жеке жол
Жеке даму траекториясы, мақсатты жоспарлау және кәсіби бағдар 5-11 сыныптың бәріне арналған. Project Hub, Vocation Lab және University Navigator арқылы оқушы мамандық пен университетті саналы таңдайды.
Үш тіл терең деңгейде
Ағылшын тілі аптасына 5 сағат, түрік және қытай тілдері аптасына 3 сағаттан. Қалауы бойынша неміс және француз тілдері. Жыл сайын түлектердің 80%-ы IELTS тапсырады.
Оқу мәдениеті
Оқушы жылына ең кемі 15 әдеби кітап оқиды.
Нәтиже жыл сайын расталады
Түлектеріміздің басым көпшілігі жыл сайын мемлекеттік грантқа түседі. Оқушыларымыз олимпиадалар мен жарыстарда жүлделі орын алып, ҰБТ-да жоғары балл жинайды.
Сабақтан кейін де дамиды
25 үйірме мен секция, мысалы: домбыра, шахмат, робототехника, өнер, театр, жүзу, бадминтон, волейбол т.б.
Біздің бағыттар
Білім, тәрбие және жеке даму - бәрі бір мектепте
Бұл бағытқа мыналар кіреді:
білім беру жүйесі
жеке даму траекториясы
жан-жақты даму
мақсатты жоспарлау
кәсіби бағдар
Бұл бағытқа мыналар кіреді:
ағылшын тілі - аптасына 5 сағат
түрік тілі - аптасына 3 сағат, Yunus Emre Enstitüsü (Анкара) ресми деңгейлік сертификаты
қытай тілі - аптасына 3 сағат
неміс және француз тілдері - факультатив
IELTS пен TOEFL-ға дайындық: жыл сайын түлектеріміздің көпшілігі осы емтихандардың бірін тапсырады
Оқушыларымыз тапсыратын емтихандар:
ҰБТ - ең жоғары балл 140
IELTS - 0-ден 9 балға дейін
SAT - 400–1600 балл
TOEFL - 0–120 балл
CSC - Қытай үкіметінің шәкіртақы бағдарламасы (China Scholarship Council)
University Navigator: университет таңдау, грант мүмкіндіктері, емтихан мен құжат тапсыру жолдары
Мағжан ұстаздың педагогикасына негізделген төрт бағыт:
ақыл тәрбиесі - білім мен ойлау қабілетін дамыту
құлық тәрбиесі - әдеп пен адамгершілікті қалыптастыру
сұлулық тәрбиесі - өнер мен табиғат әсемдігін түсінуге баулу
дене тәрбиесі - тән саулығы мен күш-қуатты арттыру
Бұл бағытқа мыналар кіреді:
Reading List — әр жасқа лайық «Алтын қор» әдебиеттері
Project Hub — портфолионы байытатын әлеуметтік және ғылыми жобалар
Vocation Lab — кәсіби бағдар беру және тестілеу
University Navigator — әлемдік және отандық университеттерге шолу
2026 жылдан бастап енгізілген қосымша міндетті курс:
анатомия - «Өзіңді таны: Дене құпиялары»
тамақтану - «Ас — адамның арқауы: Дұрыс таңдау»
жаттығу - «Қозғалыс — өмір энергиясы»
эмоция - «Жан тазалығы: Эмоцияны басқару»
25 бағыт:
технология: робототехника, жасанды интеллект, дрон
ой мен сөз: шахмат, дебат клубы, жылдам оқу, қаржылық сауаттылық, абайтану
тілдер: Speaking club, Turkish club, қытай тілі
өнер: хореография, актерлік шеберлік, домбыра, қолөнер шеберлігі, каллиграфия
спорт: волейбол, баскетбол, футбол, бадминтон, бассейн
жекпе-жек және қорғаныс: каратэ, дзюдо, грэпплинг, өзін-өзі қорғау
ZIALY URPAQ Mektebi Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 5 Phone: +7 776 688 5777 Email: zum@edu.kz