Пікірлер
Жумабекова Алина
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенті, психология факультетінде білім алады
2025 жылғы түлекпін. Қазіргі таңда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде психология факультетінде оқимын. Бұл мектеп мен үшін ерекше орын алады — дәл осы жерде өзіме сенімді болуды үйрендім және грантқа түстім. Пәнжікүл апай жүрегімде мәңгі ❤️
Өміртай Мерей
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы
ЕНТ-дан 132 балл жинауым - мен үшін үлкен жетістік.
Мұғалімдердің қолдауы және сабақты оқушыларға жеңіл әрі түсінікті түрде жеткізуі маған қатты көмектесті.
Естеліктердің бірі - сабақтан кейін бірге ауызашар жасауымыз және кешке дейін, түнгі 22:00-ге дейін қалып, сабақтарды талдауымыз.
Сондай-ақ Бауыржан ағайдың Наурыз мерекесінде бүкіл мектепке палау алып беріп, қыздардың барлығына тәтті таратуы да ерекше есте қалды.
Сағындық Диля
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, педагогика және психология мамандығында оқиды
Жылы, ұмытылмас естеліктер өте көп. Мен үшін ең жылы естелік бұл мектеппен Алматыға барған кез. Жоғарғы оқу орындарын шаралап, өзім үшін біраз ақпарат білдім. Сол сапардың арқасында кейбір адамдармен жақын құрбы атандым. Жалпы сол кезден бастап, біздің мектеп мен үшін екінші отбасыма айналды.
Ұстаздарға келетін болсақ, ең бірінші бұл Өркен Есенбекұлы. Бізді өзіңе жақын тартқан ұстаздардың бірі. Біз үшін талай тер төгіп, талай іс-шаралар ұйымдастырған. Қиын сәттерде қасымыздан табылып, мен үшін ағамдай болып кеткен ұстаз. Пәнжікүл мен Қызайым апайдардың да орындары менің жүрегімде бөлек, олардың арқасында менің география мен бмологияны қызығушылықпен оқыдым, түсініп оқыдым. Жалпы біздің мектептің барлық ұстаздары мен үшін жақын. Олардың әрқайсысының сабақты түсіндіру үлгісі ерекше және қызық. Біздің мектептің арқасында мен баға үшін емес, өзім үшін оқи бастадым. Білім өзіме, өз болашағыма керек екенін түсіндім. Сонымен қатар дисциплина, бастаған істі соңына дейін жеткізу, осының барлығын мен біздің мектепте үйрендім. Мектептегі ережелер, тәрбие, ұстаздардың өнегелері мен кеңестері менің өміріме оң әресін тигізді.
Айкөркем
2025 жылғы түлек, ҚМУ (Қарағанды медицина университеті), «Жалпы медицина» мамандығы
Апайлардың ағайлардың берген білімін / конспектерін әлі күнге дейін қолдпанамын , қатты көмек береді . Жалпы мектеп атмосферасы апай ағайлаймер шутить етіп сабақ үстіндегі көңілді уақыттар , бурабайға ҰБТ-ға мектеп болып жиналғанымыз қатты сағынамын, апай ағалардың сенім артқанына “Сен алып шағасың” дегендері қазіргі сәтте өзіме сенімді болып жүруіме әсер етті. Бауыржан ағайдың лекциялары әлі күнге шейін есімде. Рақмет ❤️
Анарқұл Жансерік
2025 жылғы түлек. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Химия» мамандығы бойынша білім алады
Мектептегі қызықтар өте көп. Бұл мектеп мен үшін үлкен отбасы сияқты: ол жерден табыс, білім, орта таба аласың, ал ұстаздарың саған өз бауырындай қарайды. Мен үшін мектеп кезіндегі ең үлкен сабақ - оқу мен жұмысты қатар алып жүруім болды, бұл үлкен қателік екенін түсіндім. Егер менен сұраса, ондайды жасамауға кеңес берер едім.
Батырбек Самира
2025 жылғы түлек, Қарағанды медицина университеті,
«Медициналық-профилактикалық іс»
Бұл мектепте оқыған уақытымда мен көп білім алып қана қоймай, тәртіп пен жауапкершілікті де үйрендім. Маған бір маңызды сабақ болды: адамға білім алуда оны қоршаған орта мен адамдардың әсері өте үлкен және директордың әсері зор!
Дамир Мейірім
2025 жылғы түлек. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Экология» мамандығы бойынша білім алады
Алматыға барып, университеттерді аралағанымыз, Медеуге шыққанымыз; түні бойы әңгімелесіп, бірге тамақ ішіп, ыдыс жуып, пойыздағы қызық оқиғалар - бәрі есімде. Бурабайдағы қызықтар да ерекше әсер қалдырды.
Сабақ кезінде де ұмытылмас сәттер көп болды: тарих сабағында Нұрсұлтан ағай Kahoot кезінде музыка қосып қоятын. Пәнжігүл апай географиядан жарыстар ұйымдастырып, география апталығын өткізді (сол кезде біздің сынып жеңіске жетті). Қызайым апай күн сайын тест алып, «ертең тест, халқым» деп, презентацияға тақырыпқа байланысты материалдар қосатын. МС ағайлардың өтетін-өтпейтін әзілдері де ерекше еді. Түрлі мерекелерге орай ұйымдастырылатын іс-шаралар өте қызықты өтетін. Элнора апай үнемі жанымыздан табылып, көмектесіп, кейде құрбымыздай сырласатын жан еді.
Абдыманап Мерей
2025 жылғы түлек, Astana IT University студенті, «Software Engineering» мамандығы
Зиялы Ұрпақ мектебі менің өмірімде ерекше орын алатын білім ордасы болып қалды. Бұл мектеп мені өзіме жақын жандармен таныстырды, сондай-ақ кәсіби әрі жанашыр ұстаздардан сапалы білім алуға мүмкіндік берді.
Біздің G3 сыныбымыз өте шулы болмаса да, бір-бірімізге жақын, тату ұжым болдық (мен староста болдым). Біз мерекелерде бірге уақыт өткізіп, мектеп ұйымдастырған көптеген сапарларға шықтық. Соның ішінде Алматы мен Бурабайға барған кездеріміз – жастық шағымыздың ең ұмытылмас сәттерінің бірі болып есте қалды.
Қысқаша айтқанда, бұл мектепте мен өзіме тек жақсы орта таптым: сенімді достар мен қолдау көрсеткен мұғалімдер. Мұнда жаман адамдар кездеспеді десем де болады.
Ұстаздарыма ерекше алғысымды білдіремін. Олардың қолдауы мен сенімі болмаса, мен бүгінгі жетістіктеріме – грантта оқу мүмкіндігіне және өмірімдегі көптеген қызықты әрі маңызды сәттерге – жете алмас едім.
Зиялы Ұрпақ мектебі менің жүрегімде тек жақсы естеліктер қалдырды. Осы мектепке және барлық ұстаздарыма шын жүректен алғыс айтамын! ❤️
Әбен Талшын
2025 жылғы түлек, Astana IT University студенті, IT бағыты
Мектеп ұстаздары өте жас әрі біздің достарымыз және сырласымыз сияқты болды. Бұл жерде мен көптеген жақсы адамдарды кездестірдім, және өткен уақытым отбасыммен өткізген уақыт сияқты болды.
Сағындықова Тоғжан
2025 жылғы түлек, Астана медицина университетінің студенті,
«Жалпы медицина» мамандығы
Алматыға барған кез. Жазғы айларда ұбтға дайындалған уақыт маған қатты ұнады
Елубай Алтынай
2025 жылғы түлек, ЖЕНПУ (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), «Арнайы педагогика (логопед-дефектолог)» мамандығы
Жалпы, бұл мектепке келгелі менде көп нәрсе өзгерді деп айта аламын: өмірге деген көзқарасым, мінезім, оқуға деген құлшынысым. Осы мектеп маған білім арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатынын көрсетті. Шектеу тек біздің санамызда екенін түсіндірді.
Ағылшын тілін де осы мектепке келіп жақсы көре бастадым. Маған әсер еткен ұстаздар - Бауыржан ағайдың қолдау сөздері және жалпы мектеп ұжымы. Осы үшін өте ризамын 🤍
Мектеп мұғалімдері ҰБТ-ға дайындалу процесінде көп қолдау көрсетті. Соның бірі - Пәнжікүл апайдың «аз-аздан, үздіксіз» деген сөзі. Ол сөз менің есімде қатты сақталып қалды. Қазір күнделікті өмірдегі рутина мен мақсаттарымды сол қағида арқылы орындауға тырысамын.
Мустафа-Оглы Медине
2023 жылғы түлек, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Ядролық физика» мамандығы
Мектеп маған көп нәрсе үйретті. Адамның ортасы мықты болуы керек екенін түсіндірді, әйтпесе өзіңді басқару қиын болады. Өзімнің ең күшті жылдарым деп мектеп жылдарын санаймын - ең жылы, естеліктерге толы кезең болды.
Мектептегі әрбір ұстаз ерекше, олардың арқасында білімімнің базасы мықты қалыптасты. Сол себепті университеттегі оқуым түсінікті болып жатыр, басқа базасы әлсіз студенттермен салыстырғанда.
Сондықтан да және басқа да көптеген себептермен мен Зиялы Ұрпақ мектебіне қатты ризамын, алғысым шексіз ❤️
Мұханбедия Гүлдана
2025 жылғы түлек, Astana IT University студенті, «Cybersecurity» мамандығы
Өз ұстаздарымды сағындым
Ақылтаева Мадина
2025 жылғы түлек, «КеАҚ Астана медицина университеті», «Жалпы медицина» мамандығы
Зиялы Ұрпақ мектебі - дисциплинасы жоғары, ал білім сапасы өте мықты мектеп. Сонымен қатар рухани жағынан да дамытатын орта болды.
Мектепте көптеген жақын достар мен таныстар таптым десем де болады. Көптеген естеліктер қалды. Сана апайымыз да өте керемет жан еді: бірде еркелетіп, бірде қатал талап қойып, біздің жақсы жетістіктерге жетуімізге өз үлесін қосты деп ойлаймын.
Мұғалімдермен бір толқында жүретінбіз, сабақ түсіндіру әдістері де заманауи болатын. Мектептегі әр күніміз білім алумен қатар өте қызықты өтетін. Іс-шаралар да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көңілімізді көтеретін.
Қазір «Зиялы Ұрпақтағы» таныстарымызды көрсек, бір марқайып қаламыз. Олар бізге өзінше жақын болып тұрады.
Саяжан Турланова
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті, «Тарих» мамандығы
Біз мектеп болып Алматыға бардық. Бұл - мектеп қабырғасындағы ең жылы естеліктердің бірі. Алғашқы Қысқы балл және Ерасыл ағаймен 1-ҰБТ-дан шыққаннан кейін аттракциондарға барғанымыз да ерекше есте қалды.
Жаксылык Аяулым
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Шетел филологиясы» мамандығы
Оқу жылы өте керемет өтті, ұстаздарыммен және сыныптастарыммен көптеген естеліктер қалды. 10 - 11-сынып оқу жылдары ең жылулыққа толы кезең болды. Мектептен көп нәрсені үйрендім. Кітап оқуға деген құштарлығым артты. Ағылшын тілін жақсы меңгердім, соның арқасында білімімді әрі қарай жетілдіріп келемін.
Теміртас Арыстан
2025 жылғы түлек, СҚУ (Солтүстік Қазақстан университеті),
«Ақпараттық технологиялар» мамандығы
Мектеп пен сыныптастарым маған шынайы достарымның кім екенін және олардың маған қалай әсер ететінін түсінуге көмектесті.
Едіге Дариға
2024 жылғы түлек, Нархоз университеті, «Психология» мамандығы
Саят ағаймен өткен жиналыстар, Қызайым апайдың, Сымбат апайдың және Пәнжікүл апайдың сабақтары - бұл естеліктер әрқашан менің жүрегімде ерекше орын алады 🫶🏻🫶🏻🫶🏻🫶🏻
Шымыр Элиф
2024 жылғы түлек, Астана медицина университеті, «Жалпы медицина» (медицина) мамандығы
Мен Зиялы Ұрпақ мектебінде 1 жыл ғана оқыдым. Осы жылда апайлардан да, ағайлардан да тек сабақ қана емес, сонымен қатар қолдау да алдым. Емтихан алдында бұл маған өте қажет нәрсе болды. Олар біз емтиханнан шыққанда бізбен бірге қобалжып, жақсы нәтиже алсақ, бізден де қатты қуанып жүретін. Бұл - мен үшін өте жақсы естелік.
Одан бөлек, өз ортамның да жайлы болуы әсер етті. Бұл мектепте егер қайта оқу мүмкіндігі болса, тағы да оқыр едім 🥹
Серікбай Нұрислам
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Шығыстану» мамандығы
Бурабайда оқушылар мен ұстаздар болып отырып, мектеппен қалай танысқанымыз туралы оқиғаларды айтып отырғанымыз сағындым
Маханбет Бекнұр
2025 жылғы түлек, L. N. Gumilyov Eurasian National University, «Тарих» мамандығы
Ұстаздардың оқушыларға деген жылы қарым-қатынасы, сыныптастарымның бауырмалдылығы мен үшін үлкен естелік. Мектеп қабырғасында түсінген қағидам: талмай еңбек ету - үлкен нәтиженің жемісі
Аканова Аниша
2025 жылғы түлек, Нархоз университетінің 1-курс студенті, «Есеп және аудит» мамандығы
Ұстаздар, сыныптастарым және жалпы мектеп менің тұлға ретінде қалыптасуыма үлкен үлес қосты. Бұрын мен өте жабық, ұялшақ адам едім, бірақ осы мектептен кейін өзімді шынайы таптым деп ойлаймын. Сабақтарға қатысып, пәндерден үздік болғаным маған сенімділік пен дисциплина берді. Көптеген жаңа, шынайы достар таптым, олармен әлі де араласамын.
Менің ең сүйікті естелігім - біздің 7 мамыр мерекесін өткізуіміз. Біз сыныппен ипподромға бардық. Жол бойы балмұздақ жегеніміз, атқа мінгеніміз, сумен атысқанымыз және қайтар жолда ән айтқанымыз әлі де жылы сезім мен сағыныш тудырады.
ZUM-ға қуаныш пен жетістіктерге толы 2 жыл үшін шексіз алғыс білдіремін. B1 forever ❤️
Рахимбаев Темирлан
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Қаржы» мамандығы
Менде барлық мектеп ұстаздарымен жылы естеліктер бар. Ең күшті естелік - Саят ағаймен өткізген сәттер және Пәнжікүл апаймен байланысты оқиғалар.
Ай Джи маған жақын достар табуға мүмкіндік берді, жалпы мектеппен байланысты естеліктер өте көп
Базарбаева Айгерим
2024 жылғы түлек, МУА (Астана медицина университеті), 2-курс, «Жалпы медицина» мамандығы.
Қазақ елінің тарихы, қазақ тілі, біздің салт-дәстүрлеріміздің маңыздылығы - мұның бәрі мектепте тереңірек түсінілуге көмектесті. Мектептегі барлық мерекелер ерекше естелік қалдырды, қазір сол сәттерді еске алсам, қайтадан мектеп кезіне қайтқым келеді.
Далада өтетін сабақтардың атмосферасы мүлде бөлек еді 🥹 2-3 сынып болып бірге өткізген ауызашарлар да керемет болатын.
Жумабек Аяулым
2023 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Психология» мамандығы
IG мектебі маған өте ыстық естеліктерді және қазіргі таңда маған жақын адамдарды сыйлады. Бірге ҰБТ-ға дайындалуымыз, оқу процесін қызықтыру үшін мектеп ұйымы ұйымдастырған түрлі кештер мен сапарлар мектеп өмірімізді одан әрі қызықты ете түсті.
Кураторымыз Саят ағаймен өткен жиналыстарымыз, (өсектеріміз 😂), жылы қарым-қатынасымыз әлі күнге дейін есімде.
Мектептің әр мұғалімі бар ынтасымен бізді дайындайтын. Өз жұмыстарына өте адал деп айта аламын. Бүгінгі таңда олардың еңбегінің жемісін көріп жатқанына қуаныштымын.
Бұл мектеп маған көп нәрсеге, жақсы нәрселерге ашық болуды үйретті. Тек білім емес, тәрбие жағынан да үлкен бағыт берді.
IG - менің өмірімдегі ең маңызды кезеңдердің бірі деп білемін 🫶🏻
Сарсенбаева Индира
2024 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Сәулет (Архитектура)» немесе «Сәулеттік дизайн» мамандығы
Мен мектеп өмірімді ерекше жылылықпен еске аламын. Бастапқыда биохимия бағыты бойынша оқып, болашақта дәрігер болуды армандадым. Кейін геобио бағытына ауысып, эколог болғым келді. Алайда уақыт өте келе өзімді шығармашылыққа жақын сезініп, дизайнер мамандығын таңдадым. Мектепте мен барлық пәндерді оқыдым: химия, биология, Қазақстан тарихы, қазақ тілінен сауаттылық және оқу, сондай-ақ логика (математика орнына).
Менің кураторларым Сана апай мен Саят ағай болды. Қазақстан тарихынан Нұрзат ағай, Нұрсұлтан ағай және Үміткүл апай сабақ берді. Логика (математика) пәнінен Бекзат ағай мен Бекханби ағай, географиядан Пәнжікүл апай, биологиядан Қызайым апай мен Сымбат апай, ал сауаттылық және оқудан Гүлмира апай сабақ берді. Ұстаздарымның барлығына үлкен алғысымды білдіремін, олар менің өміріме үлкен әсер етті.
Мектебіміздің директоры Бауыржан ағайды да ерекше атап өткім келеді. Біз оны өте қатты жақсы көреміз. Жалпы, мектептегі барлық мұғалімдер өте керемет еді: мен олардың барлығын таныдым, олар әр оқушыға жақсы қарайтын, әрқашан көмектесуге және тыңдауға дайын болатын. Егер қандай да бір мәселе туындаса, оны барынша шешуге тырысатын.
Сондай-ақ менің мектепте достарым өте көп болды. Сыныптастарым да, параллель сыныптағы оқушылар да өте мейірімді, ашық және қолдаушы болды. Қазіргі уақытта да олардың көбісімен байланысымды үзбей, араласып тұрамын.
Әсіресе 11-сыныптағы кезең мен үшін маңызды болды. Сол уақытта түрлі бағыттарды байқап, өзімді іздедім және ақырында болашақ мамандығымды таңдадым. Мектеп қабырғасында алған басты сабағым - қорықпай іздену, өз жолыңды табу және әр тәжірибеден сабақ алу. Қазір мен ЕҰУ-дың 2-курс студентімін, және сол мектепте алған білімім мен ұстаздарымның қолдауы мені бүгінгі деңгейге жеткізді.
Қуандық Аяулым
2025 жылғы түлек, MNU, «Management» мамандығы
Мектептегі іс-шаралар, мерекелер және бірге оқып, қыдыруларымыз - бәрі жақсы әсер қалдырды. Әр ортада жақсы әрі қызығушылықтары ұқсас адамдар бар екеніне көзім жетті.
Иманбек Бекарыс
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Геодезия және картография» мамандығы
Мектеп қабырғасында апталық тесттерден аз балл алып, «қызыл зонаға» түсіп жүрген кездерім болды. Сол күндердің бірінде кураторымыз Бауыржан ағайға хабар жіберді. Ол мен сияқты аз балл жинап жүрген оқушыларды бір кабинетке жинап, лекция оқыды.
Бауыржан ағайдың сол сөзі мен ескертуін тыңдап отырып, өз ата-анамның үмітін ақтап жүрмегенімді түсіндім. Сол сәттен кейін мен өзгеруге тырыстым. Содан бері бірде-бір рет «қызыл зонаға» түскен емеспін.
Бауыржан ағайдың сол лекциясы мен үшін үлкен сабақ болды
Айтбекова Айша
2025 жылғы түлек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Математика мұғалімі» мамандығы
Мектептегі соңғы жылымды Зиялы Ұрпақ мектебінде өткізгеніме өте қуаныштымын. 11-сынып бақытты, есте қаларлық сәттерге толы болды. Қазір университетте жүріп, сол кездерді жиі еске алып, сағынамын.
Мұғалімдерге алғысым шексіз, әсіресе Санжар ағай мен Айдархан ағайға көп рақмет!
Сейдахмет Жаннұр
2024 жылғы түлек, Астана медицина университеті (МУА), «Стоматология» мамандығы
Менің мектептегі өмірім әрдайым жылы естеліктермен есте қалды. Сол уақыттағы ұстаздарым мен сыныптастарым менің өміріме ерекше із қалдырды. Әсіресе менің сынып жетекшім, Саят ағай, мейірімді әрі талапшыл ұстазым, әрқайсымызға өзіндік көзқараспен қарауды үйретті. Ол тек сабақ қана емес, өмірлік маңызды құндылықтарды да жеткізетін.

Мектеп қабырғасында алған білімім мен тәжірибем мені бүгінгі өмірге дайындады. Сол жылдарда қалыптасқан әдеттер мен құндылықтар мені жауапкершілікті, табанды және адамгершілікті адам етіп тәрбиеледі. Менің мектептегі естеліктерім - өмірімнің бағалы қазынасы.
Шайзада Амина
2025 жылғы түлек, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (бастауыш мұғалімі) мамандығы
Мектепте бәрі өте керемет болды. Осы уақытқа дейін көрмеген, білмеген нәрселерімді дәл осы алтын мектебімнен көріп, үйрендім. Сіздерге көп-көп алғыс 🥹
Сол сәттерді қатты сағынамын, тіпті кейде қайтадан 11-сыныптың оқушысы болғым келеді 🫠
Маутхан Ілияс
2023 жылғы түлек. Қарағанды медицина университетінде «Стоматология» мамандығы бойынша білім алады
Бәрі өте күшті, қызық әрі әсерлі болды. Есіме түсіріп тұрамын. Мектеп кезді сағынып тұрам. Барлық мұғалімдермен жақсы қарым қатынаста болдық
ZIALY URPAQ Mektebi
Астана қаласы, Балқантау көшесі, 104
Phone: +7 776 688 5777
Email: igschool21@gmail.com