Zialy Urpaq мектебінің YouTube арнасында ZUM TALKS подкастының жаңа шығарылымы жарияланды. Қонағымыз — мектебіміздің оқушысы, 16 жасар шахматшы Айза Түлекенова.
Әңгіме «Қазақстанда шахматта жас гений бар ма?» деген сұрақ төңірегінде өрбіді. Айзамен оның шахматты таңдауы, жарыстары, оқу мен шахматты қатар алып жүруі және болашақ мақсаттары туралы сөйлестік.
Айза - шахматтан спорт шебері. Ол Сербияда өткен екі халықаралық жарыста екінші орынды иеленді, ал Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында ерлер мен әйелдер арасында күміс жүлдегер атанды.
Шығарылымды YouTube-та көруге болады: https://youtu.be/eWfkIFQcdm8
Айзаға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!